Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 12 ақпан күні сағат 11:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Ұлттық кеңес. Ұлтық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Абай мұрасының маңызы, Ұлы ойшылдың ілімінің бүгінгі қоғамдық трансформацияға әсері, «Толық адам» концепциясының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен үндестігі мәселелері талқыланды. Шара аясында елдегі жаңғыру процестерін одан әрі ілгерілету желісі қарастырылды, сондай-ақ жүргізіліп отырған реформалар бағамының орындалуына ұсыныстар мен тілектер жинақталады.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-47 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2020 жылғы 12 ақпан күні сағат 10:00-ге дейін хабарласуға болады.