Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 18 наурыз күні сағат 18:30-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елорданың коммуналдық қызметтері туралы баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы;

ЖШС “City Transportation Systems” төрағасы Игенбердинов Бекмырза Қайыргелдіұлы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.