Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылғы 6 желтоқсан күні сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА;

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Эльвира ӘЗІМОВА;

«Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Раушан СӘРСЕМБАЕВА;

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Амантай ӘУБӘКІРОВ.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 (7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 6 желтоқсан күні сағат 10.00-ге дейін хабарласуға болады.