Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 20 наурыз күні сағат 16:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында төтенше жағдай мен карантинді енгізуге байланысты құқықтық мәселелерді түсіндіру бойынша баспасөз маслихаты өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ;

ҚР Әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры Олжас ДАНАБЕКОВ;

ҚР Әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық қызметтерді ұйымдастыру департаментінің директоры Бақтыгүл АТАҒАЗИЕВА;

ҚР Әділет министрлігінің сот актілерін орындау департаментінің директоры Дархан ИГЕМБАЕВ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.