Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында мәлімет еткендей, 2019 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына қазақстандықтардан 6 мыңнан астам өтініш түскен. Биылғы жылдың 6 айы ішінде де осы көрсеткіш қайталанды.
Азаматтар қаржы, медициналық, көлік және тұрмыстық қызметтер, ТКШ және бөлшек сауда саласындағы заң бұзушылықтар туралы жиі мәлімдейді. Жыл басынан бері бас тартылған концерттер, тойлар немесе туристік сапаралар үшін ақша қайтару мәселесі бойынша өтініштер түсуде.
Осылайша, 2020 жылғы 6 ай ішінде жалпы сомасы 709 620 теңгеге өткізілмейтін іс-шаралар үшін 23 өтініш түсті, оның ішінде 449 620 теңге қайтарылған. Нұр-Сұлтанда «Руки Вверх» тобының, Л.Успенскаяның концерттеріне, Белгородта «Народное творчество» фестиваліне, «Астана-Опера» театрының қойылымдарына және басқа іс-шараларға билеттер «ticketon.kz» сайты, Яндекс почта, концерт залдарының кассалары арқылы сатып алынған.
Мейрамханалар мен дәмханаларда өтпей қалған әртүрлі отбасылық салтанаттарына жалпы 8 810 000 теңгеден астам сомасын қайтару мәселесі бойынша 50 өтініш түскен. Оның ішінде 7 895 000 теңге сомасы қайтарылды, қалған өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.
Министрліктің талап-арызы бойынша «Бек Эйр» әуекомпаниясына қатысты бас тартылған рейстер үшін билеттердің құнын қайтару бойынша сот талқылаулары өткізілді. Талап-арыздарды сот толық көлемде қанағаттандырды. Бұл 60 млн. теңгеден астам сомаға 990 тұтынушының мүддесі.
ҚР СИМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бас тартылған рейстер үшін билеттердің құнын қайтару бойынша SCAT, Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларымен келіссөздер жүргізуде.