«BNK Energy» ЖШС-ің жобасына 3 миллиард теңге инвестиция құйылып, 16 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Екібастұз қаласында орналасқан кәсіпорынның қуаттылығы ашылғаннан бері бес есе 4 МВт-тан 20 МВт-қа дейін артты. Дәл осындай екі жоба Павлодарда да жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін олардың қуаттылығы 12 және 26 МВт-қа дейін артады», - деп мәлімдеді облыс әкімі Болат Бақауов.

Алдағы жылдары бұл технологиялар бойынша инвестициялар портфелі 500 миллион долларды құрап, электр энергиясын тұтыну деңгейі 1000 МВт-қа дейін артпақ. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру көмірді тұтыну көлемін жылына 4 миллион тоннадан асырып, №1 Екібастұз ҚАЭС-ың бос тұрған қуаттылығын пайдалануға, 1000-ан астам жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ, жаңа жобалар, көмір және электр энергиясын өндіретін кәсіпорындардан түсетін салықтық түсімдердің көлемін жылына 8 миллиард теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.