«Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшінің біліктілігі мен қатар, оның өзге адамдармен, азаматтармен байланыстағы әдептілік жағы да бағаланады деген сөз. Бұл мемлекеттік органдардағы әдептілікті көтеру жөніндегі жұмысты жетілдіруге аса мән беруді қажет етеді. Осыған байланысты, әдеп жөніндегі уәкілдер институтын жандандыра отырып, алдағы уақытта Әдеп кодексін де жетілдіру мәселесіне қатысты жұмыстар атқарылады. Бұдан басқа, корпоративтік сектордың оң тәжірибесін табысты енгізу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің квазимемлекеттік, жеке және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтуі жоспарлануда», - деді агенттік төрағасының орынбасары.


Оның сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен дағдыларын үздіксіз арттыру қамтамасыз етіледі. Бастамалар мен рационализаторлық ұсыныстарды көтермелеу тетіктері енгізіледі. Бұл мемлекеттік қызметте корпоративтік мәдениетті жақсартуға мүмкіндік береді.