«Егіс науқаны барлық қажетті ресурстармен, атап айтқанда, тұқыммен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда 2,4 млн тонна тұқым себілді, бұл жоспардың 100,2% құрайды. 2021 жылы тұқым шаруашылығын қолдауға 11,8 млрд теңге бөлінді, бұл 82,1 мың тонна элиталық тұқым мен 3,8 млн дана көшет сатып алуды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Минералдық тыңайтқыштар сатып алуды субсидиялауға облыстардың жергілікті бюджеттерінде 26,1 млрд теңге қарастырылған. Облыс әкімдіктерінің жедел ақпараты бойынша, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін бүгінде республика аграрилеріне 117,6 мың тонна минералды тыңайтқыш жеткізілген, жөнелту жұмыстары жалғасуда», - деді Сұлтанов.


Субсидиялауға өтінімдерді қабылдау Алматы, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында жүргізілуде, жақын арада Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталады. Қалған өңірлерде субсидиялар тізбелері мен нормаларын бекіту аяқталуға жақын. Бірақ премьер-министр уәкілетті министрлікке бір апта мерзім берді. Сондықтан басқа өңірлер тыңайтқыштарға тиісті субсидияларды ала алады.


Айта кетейік, пестицидтерді субсидиялауға облыстардың жергілікті бюджеттерінде 30,6 млрд теңге қарастырылған, бұл қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.