Қазақстанда 45 энергия өндіруші ұйымның (ЭӨҰ) 37-сінің шекті тарифтері ұлғайтылатын болады. Берілген өтінімдер бойынша шекті тарифтердің өсуі 36% деңгейінде болжанды. Жарты жылдан астам уақыт ішінде берілген өтінімдердің негізділігіне талдау жүргізілді.


Жүргізілген жұмыстар мен талқылаулардың нәтижесінде станциялардың шекті тарифтерінің мәлімделген деңгейінің арту үлесі екі еседен астам төмендетілді.


«Оларды қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақытылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды. Қазақстан бойынша энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерінің орташа өсуі 15% деңгейінде болжануда, - деп түйіндеді Рахимов. 


 Айта кетейік, бұл энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз шығындардың ұлғаюына әкелді. Атап айтқанда, көмір мен оны тасымалдау сметасы қымбаттады, энергия өндіруші ұйымдардың көмір разрездері мен газ компаниялары алдында берешегі пайда болды.


«...Жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясын міндетті сатып алу көлемдерінің ұлғаюы. 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы көлем 68%-ға ұлғайды, жаңартылатын энергетикаға жұмсалатын шығындар 49%-ға ұлғайды; АЕК-тің өсуіне байланысты бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша шығындардың ұлғаюы; елімізге сырттан әкелінетін жабдықтар бойынша бағаның өсуіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындардың ұлғаюы», - деп атап өтті Рахимов.


Оның айтуынша, электр станцияларындағы шекті тарифтерді уақтылы түзету оларды жаңғырту жұмыстарын сапалы жүзеге асыруға, сондай-ақ 2021-2022 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өту және авариялық жағдайларды азайту үшін уақтылы және толық көлемде жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл өндірістік персоналдың шамамен 23 мың жұмыс орнын сақтауға көмектеседі, олар үздіксіз жұмысты және ел мен Қазақстанның тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.