Оның мәліметінше, Қазақстанның энергетиктері жалақы деңгейі мен кәсіптің беделі бойынша ТМД елдері арасында ғана емес, елдегі өндірістік кәсіпорындар арасында да тізімнің соңында. Энергетиктердің еңбекақысы ел бойынша 6,9% - ға төмен.


«Нәтижесінде, бұл кадрлардың басқа да жоғары ақы төленетін салаларға да, көрші мемлекеттерге де кетуіне әкеледі. Мысалы, «Атырау Жарық» АҚ-да өткен жылы 1311 қызметкердің 98-і жұмыстан кетті. Ал «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК 753 адамның 156-сы жұмыстан шығарылды. «СевКазЭнерго» - 1158 қызметкердің 191-і көрші РФ жұмысқа кетті. Салыстыру үшін, энергетиктердің еңбекақысы көршілерде жалпы ел бойынша 21% - ға артық. Беларусь Республикасында бұл сан 28% – ды, ал Қырғыз Республикасында – орташа еңбекақы республика бойынша орташа жалақыдан 44% - ға жоғары», - деп атап өтті Бекбас.


Сарапшы негізгі қорлардың орта есеппен 60% - ға дейін тозуы кезінде ел экономикасы үшін негізгі саладағы кадрлардың тұрақтамауы электр станцияларының тоқтап қалуына қауіп төндіреді деп қауіптенеді.


Бұдан басқа, жабдықтардың тозуына байланысты технологиялық сипаттағы бұзушылықтардың өсуі байқалады. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың өсуі алаңдаушылық тудырады. 22 жағдайдың 14-і өліммен аяқталады.

  
«Сала қызметкерлерінің пікірінше, мұндай жағдай мемлекет пен реттеуші органдар тарапынан көңіл бөлмеудің салдарынан орын алып отыр. Өкінішке орай, біздің энергетиктерге еңбекақыны көтеру мәселесі бойынша Үкіметке, Парламентке, Энергетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика министрліктеріне бірнеше рет жасаған өтініштеріміз шешімін таппады. Бұл тығырықтан шығудың бір жолы –  энергетиктердің жалақысын өңірлердегі орташа деңгейге дейін бір мезетте көтеру, мұны тариф бекітілген кезде ғана жасауға болады, - деп санайды салалық кәсіподақ басшысы.


Ол жылу-энергетикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер санының азаюын тағы бір дәлел деп атады. Кәсіпорындар зейнеткерлік жасқа толған мамандарды ұстауға мәжбүр. Ал жастар кәсіптің алғашқы дағдыларын игеріп, жоғары ақы төленетін жұмыстарға барады.