«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінде бірінші компонентпен 131 170 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, 32 482 адам егілді, жағымсыз реакция тіркелген жоқ. КВИ-ге қарсы вакцинаның 150 мың дозасы өңірлерге жеткізілуде», - деді А. Цой.


Вакцинаның бұл көлемі КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және вакцинацияланғысы келетін адамдарға вакцинацияның қолжетімділігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді.


Халықты КВИ-ге қарсы профилактикалық егулермен қамтуды ұлғайту мақсатында «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осылайша, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және оларды вакцинациялаудың басымдылығын халықтың түрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, КВИ ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға және КВИ-ге қарсы вакциналар көлемінің жеткізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қайта қарауы мүмкін.


«Ұйымдастырылған ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады. Жекелеген жағдайларда 21 күнге екінші компонентпен егу жүргізу мүмкіндігі болмаған кезде, мысалы, ауру немесе мәжбүрлі шығу кезінде иммундық жауаптың қалыптасу тиімділігіне әсер етпестен бірінші компонентпен егуден кейін 60 күнге дейінгі кезеңде екінші компонентпен егу жүргізуге жол беріледі», - деп түсіндірді министр.


Денсаулық сақтау министрі вакцинация вирустың таралуын азайтудың жалғыз жолы екенін еске салды. Осыған байланысты қарсы көрсеткіштер болмаса, қазақстандықтарды екпе салдыруға шақырып, шектеулерсіз, бұрынғыдай өмір сүру қалпына осылай ғана орала алатынымызды атап өтті.