Оның айтуынша, 2020 жылғы 9 мамырда ғалымдар QazCovid-in вакцинасын жасап шығарды.

Вакцина иммуностимуляторды қосу арқылы өлтірілген вирустан қауіпсіз технология бойынша жасалды. Ал 15 мамырда ДДСҰ оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді. Вакцинаны зертханалық жануарларға клиникаға дейінгі зерттеу жұмыстары қолға алынды. Маусым айында ҚР ДСМ Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеу нәтижелерін оң деп таныды. Келесі айда вакцинаны әзірлеушілердің өздері QazCovid-in-мен егілді.

Клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінде 17 қыркүйекте 44 еріктіге екпе жасалды. 


Вакцина аса қауіпсіз екендігін көрсетті. Сынаққа қатысушылар өздерін жақсы сезінді. Ал бір айдан кейін еріктілер саны 200-ге жетті. 19 желтоқсанда зерттеудің үшінші кезеңін жүргізуге «рұқсат» берілді. 3 мың адам QazCovid-in вакцинасымен ерікті түрде егілді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, антиденелер пайда болды


«QazCovid-In» қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінің нақты аяқталатын күні- 2021 жылғы 9 шілде. Осыдан кейін 3 мың еріктіден алынған деректерді өңдеу бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі, оған шамамен 20 күнтізбелік күн кетеді. Осыдан кейін біздің есеп белгілі бір ережелер мен нормаларға сәйкес толық көлемде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына ұсынылатын болады», - деп мәлімдеді ҒЗИ басшысы.


Айта кетейік, клиникалық сынақтардан тыс қазақстандық вакцинамен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев,«Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Талғат Нұрғожин егілді.