Вакцинаның 1-ші және 2-ші клиникалық зерттеулерінің нәтижесінде оның иммунитет сақтау көрсеткіші 96 % құрады. 


«Айта кетерлік жайт, 1-ші фазадан кейін вакцинаның тиімділігі 100 % болса, 2-ші фазада 96% құрады, сынаққа қатысқан адам саны неғұрлым көп болса, оның тиімділігінің көрсеткіші соғұрлым төмендеуі мүмкін. Сондықтан үшінші фазаның соңында бұл көрсеткіш төмендеуі ықтимал», - деді Күнсұлу Закарья.
Бүгінгі күні вакцинаның алғашқы партиясы дайын. Егер сәуір айының соңында ДСМ рұқсатын берсе, вакцина «СК-Фармация» қоймаларына жеткізіледі.