Оның айтуынша, кедендік ресімдеу (АСТАНА-1) және Электрондық шот-фактуралар (ЭШФ АЖ) бойынша ақпараттық жүйелер сатудың барлық тізбегін бақылауды қамтамасыз ететін болады. Қазіргі уақытта осы жүйенің Пилоттық жобасы жүргізілуде. Бұл процесте қолданылатын барлық жүйелерді қалыпқа келтіру үшін айыппұлдар мен басқа санкциялар қолданылмайды.


«Салық төлеушілердің көптеген өтініштері бойынша Пилоттың мерзімі: акцизделетін тауарлар бойынша - 2021 жылғы 1 шілдеге дейін; ЕАЭО-дан әкелінетін/ЕАЭО-ға әкетілетін тауарлар бойынша -2021 жылғы 1 шілдеге дейін; виртуалдық қойманың тауарлары бойынша - 2021 жылғы 1 қарашаға дейін кейінге шегеріледі. ДСҰ-ның Алып қою тізбесіндегі тауарлар және цифрлық таңбалау қолданатын тауарлар бойынша пилоттың басталу мерзімі 2021 жылғы 1 ақпаннан 2021 жылғы 1 шілдеге, аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 ақпанға ауыстырылады», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.