«2D сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын қосу қажет. Тауарлар номенклатурасын жаңартуға қосымша шығындарды болдырмау үшін www.ismet.kz сайтында онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын өз бетінше қосу бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Тауарлар номенклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқиды. 2Д сканердің құны 25 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін», - деп айтты Ж.Іңкәрбаев.


2Д сканерлерге балама ретінде «Naqty Sauda» тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.


Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін «Markirovka Qoldau» тelegram-чаты белсенді жұмыс істейді. 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап Тауарларды таңбалау жөніндегі бірыңғай оператор «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты. Тауарларды таңбалау мәселелері бойынша тәулік бойы 8 800 080 6565 тегін «шұғыл» желі жұмыс істейді.