«Бірінші. Ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және экспорттауға бағытталған тиімді өндірістік кәсіпорындарға баса назар аударылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың жекелеген құралдарының орнына дамуды жан-жақты ынталандыру жүйесін қалыптастыру; қарама-қарсы міндеттемелер мен бизнестің жауапкершіліктерін  анықтау; салалық принциптен нақты басым тауарларды анықтауға көшу қарастырылған. Бұдан басқа, құн қалыптастырудың жаһандық тізбегіне белсенді интеграциялау жоспарланған», - деді Л.Садықова.


Бұл ретте мақсатқа жету үшін 4 басым міндеттер анықталды. Атап айтқанда, өндірістік кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру арқылы индустрияландыруды тереңдету; ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие өндіріс көлемінің ұлғаюы және қайта өңделген тауарлардың номенклатурасын кеңеюі; базалық салалардың дамуын және стратегиялық жобаларды іске асыруды ынталандыру арқылы өндірістік қуаттылықтың артуы; өңдеу өнеркәсібінің технологиялық дамуы мен цифрлануын қамтамасыз ету.


Жалпы, бағдарлама шеңберінде барлық өндіріс тізбегі бойынша жаңа өндірістерді құрудан немесе қолданыстағы өндірістерді жаңартудан бастап, дайын отандық өңделген тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарға шығаруға дейінгі кең ауқымды мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қарастырылған.