«Интернет сапасын бақылау үшін арнайы жабдықтар сатып алынды. Олар алтау болды және біз олардың барлығын ел бойынша қолдандық, қазір олардың саны – 17, олар әр облыс орталығында бар. Бірақ сапаны тексеру үшін біз өңірлерге шығамыз. Мысалы, Түркістан облысына жасаған сапар барысында біз Шымкенттен Түркістанға барар жолда интернеті әлсіз екі ауылды анықтадық. Осы жабдықтармен өлшеулер жүргізілді, айыппұл салынды және ақауларды жою үшін 2 ай уақыт берілді. Егер олар мерзімінде орындалмаса, біз қатаң ден қоюдың шараларын қабылдауға құқылымыз.


Айыппұл салып, еліміздің 17 өңірінде арнайы өлшеу іс-шараларын жүргізе аламыз, бірақ ол негіздер қажет. Facebook және Instagram арқылы хабарламалар көп келіп түседі, бірақ біз оларды тексеру үшін негіз ретінде пайдалана алмаймыз. Ол үшін азаматтардың өз қолымен жазған, қолы қойылған немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған өтініштерді ғана пайдалануымыз керек», - деп атап өтті ведомство басшысы. Бұл бизнесті қорғау шеңберіндегі заңнама талабы.


Мусин қазақстандықтарды интернет нашар болса, хат жазуға өндеді. Бұл өтініштердің барлығы министрліктің атына немесе тікелей телекоммуникация комитетіне ресми түрде ресімделуі тиіс.