Сондай-ақ, оның айтуынша, ведомствоның ұсынысымен құрылыс нормаларына өзгерістер енгізілген. Енді оптикалық арналар құрылыс аяқталғанға дейін қосылуы тиіс. Сонымен қатар, азаңнамалық деңгейде байланыс операторларына қатысты айыппұлдар сомасын он есеге 2 млн теңгеге дейін арттыру қарастырылуда.


Ал ғарыш саласында екі бағыт дамытылуда. Біріншісі – байланыс жерсеріктері. KazSat-2R ескірген технологиямен іске қосылмайтын болды. Сондықтан олар басқа жолдарды іздейді. Атап айтқанда, төмен орбиталық жерсеріктік топтар компанияларымен ынтымақтастықты.


«Қазіргі кезде олармен ынтымақтастық орнату жолдары қарастырылуда, біз Интернет бере алмай отырған 1200 ауылға оны нақты жеткізу үшін OneWeb, Starlink, Ses сияқты үш операторымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, Интернетті заманауи жерсеріктік технологиялардың көмегімен беруді жоспарлап отырмыз. Яғни, KazSat-2 беретін 8 Мб және 1 гигабайтқа дейін – төмен орбиталық жерсеріктер, жылдамдықтар салыстыруға келмейді. Біз бұрынғы технологияларға инвестиция салмауымыз керек, біз заманауи технологиялармен ынтымақтастық орнату жолдарын іздейміз», – деп сендірді Мусин.


Ғарыш саласы аясындағы екінші бағыт - Жерді қашықтан зондтау. Технология бірнеше салаға септігін тигізеді. Өткен жылы 1 млн га пайдаланылмаған жер, 217 заңсыз ағаш кесу, 4 млн га орманды дала өрттері және 9000 заңсыз қоқыс үйінділері анықталды. Мұнымен «Қазақстан ғарыш сапары» айналысады. Жерсеріктер құны 63 млрд теңгені құрайтын жаңа зауытта шығарылатын болады.