Төтенше жағдайлар министрлігі өкілінің айтуынша, ведомство көктемгі су тасқыны кезеңінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.


«Өткен жылдарғы тәжірибеге сүйеніп, биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында 2020 жылы жазда еліміздің өңірлері 150 шақырым қорғау бөгеттерін салу және жөндеу, жағалауды нығайту, су тасқыны қаупі бар өзендердің 400 шақырым арнасын тереңдету, 15 мың шақырым су бұру арналарын орнату, 5 мың арналарды және 7 мың арықтарды және су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді», - деді Р.Амрин.