«Бүгінгі күні бірінші компонентпен 217 070, екінші компонентпен – 79 541 азамат егілді. Республика бойынша 1000 тұрғынға шаққанда көрсеткіш – 11,5 құрады. Оның ішінде медицина қызметкерлері – 40%, педагогтар – 17%, күш құрылымдары қызметкерлері – 7,7%, ЖӨБ персоналы мен контингенті – 0,5%, басқалары – 34%. Вакцинацияланғандардың 0,8%-ында катаралды синдром, дене температурасының жоғарылауы, жергілікті реакция түрінде вакцинацияға күтілетін реакция байқалды», - деді А. Цой.


Сонымен қатар, ақпаратқа сәйкес сәуірде вакцинаның 2 млн дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы, осы айда тиісті контингенттің 23,4%-ын қамту жоспарланып отыр. 


«Қазақстанда өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, бірінші жартыжылдықта 6 млн астам вакцина дозасын қабылдау жоспарлануда, бұл тиісті контингенттің 64%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл көлем КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингентті және өтеусіз негізде вакцинациялауға ниет білдірген адамдардың қолжетімділігін барынша кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.


Ұйымдастырылған ұжымдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін Алматы қаласындағыдай жылжымалы егу пункттері іске қосылатын болады.