Спикердің мәліметінше, вакцинацияланған тұлғалар туралы есепке алу және мониторинг жүргізу үшін «Антиковидті паспорт» әзірленді. 2021 жылғы 8 сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі «электрондық үкімет» порталында «вакцинацияға жазылу» қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. 


«Ол үшін азамат «электрондық үкімет» порталына авторизациялануы және өтінім беруі қажет, онда тек тіркеу аймағы бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет болады, содан кейін өтінім медициналық ұйымға бөлуге/қарауға түседі. Медициналық ұйым вакцинация жүргізу уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөледі. Таратылғаннан кейін азамат «электрондық үкімет» порталында медициналық ұйымға баратын күнді және уақытты көреді, сондай-ақ қосымша SMS хабарлама алады», - деп нақтылап өтті А.Цой.


Бұдан бөлек, ДСМ басшысының айтуынша, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің қызметін қамтамасыз ету және тыйым салынған қызмет түрлерін қайта бастау үшін «Ashyq» жобасын масштабтау жалғасады.