«KZ-CERT қызметі өткен жылы 24 мыңнан астам ақпараттық қауіпсіздік инцидентін тіркеді. Оның 1,5 мыңнан астамы интернет желісіндегі фишинг ретінде сыныпталды. Қазақстандық пайдаланушылардың өтініштері көмегімен 500-ден астам фишингтік интернет-ресурс айқындалды. KZ-CERT қызметі ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттерінің шетелді хостинг провайдерлерімен және домен тіркеушілерімен бірлесіп пысықтайды. Қызмет ақпараттық қауіпсіздік инциденттер туралы ақпарат қалыптастырады және шетелдік ұйымдардың мекен жайларына жолдайды. Өз кезегінде шетелдік әріптестер фишингтік және басқа да зиянды ресурстарды жабу бойынша шаралар қолданады. KZ-CERT қызметі 2020 жылы халықаралық әріптестер мекен жайына ақпараттық қауіпсіздік қатерлері мен инциденттер бойынша 2212 хабарлама жіберді, сондай-ақ, шетелдік әріптестерден 1728 кіріс хабарлама алдық. Халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде бүгінде шетелдік фишинг интернет ресурстардың басым бөлігі ел аумағында қолжетімсіз. Осы мақсатта тиісті шаралар қабылдануда», - деді С.Холдас. 


Бұл ретте спикер ақпараттық қауіпсіздік инциденттерінің орын алуына жол бермеу үшін бірқатар ұсынымдар әзірлегенін жеткізді. Есептік деректерді үнемі тексеріп, сенімді парольдерді пайдалану, қоғамдық wi-fi қолжетімді нүктелеріне сенім артпау және аутентификациялық деректерді қорғалмаған сымсыз желілер арқылы енгізбеу, жеке деректерді, жеке куәлік деректерін, банктік карталардың деректерін және т.б. дербес деректерді қамтитын өз құжаттарыңыздың көшірмесін интернет желісі бойынша жібермеу қажет және т.б. бар. 


Ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне тап болған жағдайда тәулік бойы 1400 телефоны арқылы ақысыз хабарласуға болады.