«244 еріктіге жүргізілген клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңдері аяқталуда және 15 сәуірде 3 мың ерікті қатысқан үшінші клиникалық фазаның 50%-ы аяқталады. Біз клиникалық зерттеулер хаттамасына және денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес клиникалық зерттеулер жүргізудің белгілі бір мерзімдері бар екенін түсінуіміз керек. Кем дегенде 180 күн болуы керек, сондықтан шыдамдылық танытып, түпкілікті нәтиже күтуіміз керек», - деді М. Дәуленов.


Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамаға сәйкес барлығы штаттық түрде өтіп жатыр. Алматы және Тараз қалаларында тиісті сертификаттары бар клиникаларда жұмыс жүргізілуде. Еріктілер дәрігерлерге денсаулығының жай-күйі туралы тұрақты түрде хабарлайды, клиникаларға келеді, оларды дәрігерлер бақылайды, вирусқа тән антиденелер мен бейтараптандыратын антиденелерді тексереді.


Айта кетейік, еріктілерге вакцина да, плацебо да салынды, яғни соқыр рандомизацияланған зерттеу қолданылады. Еріктінің өзі нақты вакцина немесе плацебо алғанын білмейді. Ажырату сәтіне дейін бұл деректер белгісіз болып қалады.