«Қазақ тілді ҮЕҰ белсенді азаматтар өте көп, жекелеген тұлғалар бар, осы тұлғалардың айналасында әлеуметтік маңызы зор әртүрлі мәселелерді көтеретін ҮЕҰ көбейтуіміз керек. Мысалы, биыл Азаматтық батамаларды қолдау орталығына 263 өтініш келіп түссе, соның 15% ғана, яғни 42-сі ғана қазақ тілінде. Сондықтан қазақ тілді ұйымдардың белсенділігін арттырып, олардың осы бағыттағы жұмыстарға белсенді араласуы үлкен міндет», - деді вице министр өз жауабында.

Өз кезегінде, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Лима Диас оқыту мен білім беру бағдарламаларына баса назар аударылатынын жеткізді. Оның айтуынша, ҮЕҰ академиясы базасында ауылдық және қазақтілді ҮЕҰ мен азаматтық белсенділердің құзыреттілігі мен біліктілігін арттыру курстары ашылады. Басқарма төрайымы бұл қазақтілді ҮЕҰ-ға, сондай-ақ өз жұмысын енді бастаған ҮЕҰ-ға қалалардағы ұйымдармен, оның ішінде орыс тілінде біліктілікті арттыру бойынша көптеген тренингтерге қатысқан ұйымдармен бәсекеге түсуге мүмкіндік беретініне үмітін білдірді.