ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға; орман және дала алқаптарында от жағуға; сынықтарды қалдыруға болмайтынын тағы да еске салып өтті. Шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін.


Орман алқаптарында тұратын ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен және тұрғындармен еліміздің орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 1 мыңнан астам жиын мен нұсқаулық, 146 дөңгелек үстел өткізіліп, онда 13,2 мыңнан астам адам қамтылды.


Елді мекендерді қорғау мақсатында ТЖМ аумақтық бөлімшелері олардың ағымдағы өрт қауіпті кезеңге дайындығын, аумақтарды құрғақ өсімдіктерден, минералдандырылған жолақтардан тазартылуын, мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өртке қарсы ерікті құралымдардың және өрт сөндіру бекеттерінің бар болуын тексеру бойынша бірлескен комиссиялар құрды. Шамамен 4 мың шақырым минералдандырылған жолақтар жасалды, 1 362 елді мекен құрғақ өсімдіктерден тазартылды.