Оның айтуынша, екінші электрондық аукционға 713 млн теңге бастапқы қол қою бонусымен 8 мұнай-газ учаскесі шығарылды. Қол қойылатын бонустың жиынтық сомасы бастапқы бонустан 13 есе асып, 9,3 млрд теңгені құрады. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін мемлекет ұсынатын 8 учаскенің жалпы ауданы 2 мың шаршы шақырымнан асады.


Аукциондық залдың онлайн-көрсетілімін Қазақстаннан да, шетелден де бақылауға болады. Екі аукционды өткізу қорытындысы бойынша министрлік аукциондарды өткізу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірледі.


«Қазіргі кезде заңнамаға мынадай түзетулер - бастапқы қол қою бонустары мөлшеріндегі кепілдік жарна; жеңімпаз бас тартқан жағдайда келесі қатысушыға сатып алу құқығын беру; сондай-ақ жылына 2 рет аукцион өткізуге шектеуді алып тастауды жоспарлап отырмыз. Бұл бізге бәсекелестікті және аукциондар өткізу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Міндетті түрде айта кететін жайт, аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексінде реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады. Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті», - деп атап өтті ведомство өкілі.


Бұл түзетулер әлі қажетті келісу рәсімдерінен өткен жоқ, таяу уақытта салалық қоғамдастықтармен диалог орнату жоспарланған.