«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен 500 жастың қызықты және шабыттандыратын табыс тарихы жинақталуда. Қазір біз күнделікті еңбегімен айналадағы дүниені түгелдей өзгертетін, қоғам мен елдің дамуына үлес қосатын, қоршаған ортаға әсер ететін, тұрақты ұстанымы мен өмірге көзқарасы бар тұлғаларды іздестірудеміз», -деп атап өтті спикер.


Сондай-ақ ол бұл тізімде бірінші болып Эверест базалық лагерін бағындырған қазақстандық – екі аяғы жоқ әлемдегі алғашқы әйел Мария Әуезова тұрғанын жеткізді. Дәл осы батыл тұлға «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының бренд-амбассадоры болады.


Қазіргі уақытта «Профнавигация» жобасы аясында 16 облыста 18 мыңнан астам орта мектеп оқушыларын қамтыған 79 тренинг өткізілді. Тренингтер шеңберінде жоғары сынып оқушылары International Academy of Emotional Intelligence жаттықтырушыларының қолдауымен болашақтың өзекті мамандықтары туралы ақпарат алады, тиімді коммуникациялар құруды үйренеді және кәсіби бағдар алу үшін алдарына мақсаттар мен міндеттер қояды.


«Жобаны жүзеге асыруға бағытталған жұмыс жалғасуда және жақын арада біз жоғары сынып оқушыларының жетістіктері арқылы жобаның нәтижелерін көретінімізге сенімдімін», - деп қорытындылады Дунгенин.


Айта кетейік, барлық тренингтер YouTube-те баршаға қолжетімді болады.