Оның айтуынша, биыл емханалар деңгейінде консультативтік-диагностикалық көмек көлемі артты. Қаржыландырудың өсуінің арқасында бұл қызметтердің саны 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 20% өсті. 37,7 млрд теңге сомасына 22,4 млн кеңес және диагностикалық зерттеулер көрсетілді. Бұл 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 3,4 млн. қызметке артық. 


«Бірінші тоқсанда 800 мыңға жуық зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, функционалдық, ультрадыбыстық және рентген-диагностиканың жарты миллионнан астам зерттеулер жүргізілді, 7 млн. жуық скрининг қызметі көрсетілді. Осы жылдың 1 тоқсанында жоғары технологиялық қызметтерді қолданумен жасалатын хирургиялық операциялар санының 25% өскені байқалады. Жыл басынан бері медициналық ұйымдарда 1602 операция жасалды. Биыл 526 экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасы орындалды. Мысалы, өткен жылы 1-тоқсанда 59 ЭКҰ жасалған»,- деп атап өтті Төкежанов.

Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін өткен жылы 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, биылғы жылы барлық ауыл тұрғындарына 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, диагностикадан өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, вакцинация жасауға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға және медициналық көмектің бірқатар басқа да түрлерін алуға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн.теңгеге 120 мың медициналық қызмет көрсетілді.


Басқарма төрағасы сондай-ақ Қордың медициналық оңалтуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде дамытуды жалғастыратынын хабарлады. Осылайша, Қазақстанда оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың саны екі жылда 10 өсіп, 610 клиникаға дейін ұлғайды. 1-тоқсанда 8 млрд. теңгеден астам сомаға оңалту қызметтері көрсетілді. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 2,7 млрд. теңге сомасына 2,8 млн. қызмет көрсетілді. 


Б.Төкежанов коронавирустық инфекция постковидті асқынулармен ауырғандар үшін қауіпті екенін атап өтті. Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидпен ауырғаннан кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды, бұл қауіпті созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкіндік береді, оларды емдеу денсаулық сақтау бюджетінен қомақты қаржылық шығындарды талап етуі мүмкін.