«Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мынадай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Бұл - мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін төмендету. Орта кәсіпкерліктің үлесін 15 пайызға дейін ұлғайту. Шағын және орта бизнес үшін 2 трлн 600 млрд теңге көлемінде тауар нарықтарына қол жеткізуді ұлғайту. Ұлттық жоба іс-шараларының көбі бәсекелестік жөніндегі заң жобасында іске асырылады», - деді агенттік төрағасының бірінші орынбасары.


Олар шектеулі ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге; бір көзден сатып алуды қысқартуға; мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметін, сондай-ақ, цифрлық экономиканы реттеуге бағытталған.


«Жалпы, Ұлттық жоба да, бәсекелестік туралы Заң жобасы да монополияға қарсы реттеудің жаңа кезеңін айқындайды. Тергеулер аз болса, кейінгі реакциялар да аз болады. Тауар нарықтарын талдау, бәсекелестікті дамыту бойынша сапалы жүйелі шешімдер көп болады», - деп түсіндірді спикер.