«Ұлттық киноны қолдау орталығы құрылды. Питчинг немесе ашық сценарийлер байқауы екі рет өтті. Қаңтар айында келесі питчингке ұсыныстар қабылдана бастады. Ашық талқылау республикалық бюджеттен шығарылатын қаржыларға байланысты өтеді. Республикалық бюджетті талқылау бойынша заң Сенаттың қарауына енгізілді. Соның қорытындысы бойынша питчингті өткізу уақыты айқындалады», - деді ведомство басшысы. 


Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, пандемияға байланысты былтыр 57 киножобаның 49-ы тоқтатылып, оларға бөлінген қаржы республикалық бюджетке қайтарылды. 2021 жылы жаңа фиьмдер түсіруге жоспарланған қаржы былтыр тоқтатылып қойылған киножобаларға бағытталады. Жаңа киножобаларды қаржыландыру питчингтің қорытындысы бойынша жаңа республикалық бюджет заңының аясында шығатын қаржыға байланысты жүзеге асырылады.