«Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктері бұған көп жағынан ықпал етті. Бізге ЕАЭО бойынша әріптес елдердің инфрақұрылымына қолжетімділік және теміржол көлігімен тасымалдау кезінде ішкі тарифтер ұсыну көмектеседі. Бұл экспортталатын өнімнің түпкілікті құнын айтарлықтай төмендетеді. Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдерге қол қоюы қазақстандық кәсіпкерлер үшін маңызды басымдық болып табылады. Біздің кәсіпкерлерге осындай келісімдер аясында жеңілдік шарттары бойынша үлкен, ауқымды нарықтарға шығу мүмкіндігі беріледі. Яғни, олар кедендік баждар төлемейді, немесе кедендік баждар едәуір төмендетіледі, сондай-ақ негізсіз тарифтік кедергілер мен басқа да шектеулер қолданылмайды», - деп түсіндірді вице-министр.

Атап айтқанда, Вьетнаммен, Сербиямен, Иранмен және Сингапурмен еркін сауда аймақтары туралы келісімдер бар. Бұл қазақстандық тауарлар экспортын 1 млрд АҚШ долларына дейін қосымша арттыруға мүмкіндік берді. Қазақстанның Вьетнаммен тауар айналымының өзі 54%-ға өсті. Сонымен қатар, бұл ретте өңделген тауарлар туралы айтылып отырз: металлургия, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдері.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ Израильмен, Египетпен және Үндістанмен келісімдер жасасу бойынша келіссөздер жүргізуде. ИСМ деректері бойынша еркін сауда аймағы шеңберінде қазақстандық экспортты ұлғайту әлеуеті шамамен 800 млн АҚШ долл.

Айта кетейік, 2020 жылы ЕАЭО-ға үшінші елдерден тартылған инвестициялар 25,3 млрд АҚШ долларды құрады. Олардың басым бөлігі Қазақстанға тиесілі - 17 млрд АҚШ доллары.