«Өтініш беру оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылатын және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын тараптардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін оператордың жария офертасына өнім берушінің акцептімен сүйемелденеді. Оператор ақпараттық жүйе арқылы баланың заңды өкіліне шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін электрондық ваучер бере отырып, бос орындарды балалар арасында олардың кезектілігіне сәйкес бөледі. Шығармашылық үйірмеге қабылдануға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке тұруға электрондық өтініш береді. Оператор шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегін электронды түрде ақпараттық жүйеде жүргізеді», - деді Н.Дәуешев.


Оның айтуынша, кезек өнім берушінің әрбір шығармашылық үйірмесіне жеке қалыптастырылады және балалардың заңды өкілдері берген өтініштерден тұрады. Орындарды бөлу және ваучерлерді беру күн сайын ақпараттық жүйемен автоматты түрде жүзеге асырылады.