«Жалпы, зауытта «QazVac»-тан басқа вакциналар да өндірілетін болады. Оның қуаттылығы жылына 60 млн доза вакцинаны құрайды. Ал экспортқа келсек, көрші мемлекеттер, Еуропа мен Азияның өзге елдері отандық екпеге қызығушылық танытуда. Вакцинаны экспортқа шығару үшін оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу керек. Осы мәселелер шешілген соң «QazVac» міндетті түрде өзге елдерге жөнелтіледі», - деді М.Шоранов өз жауабында.