Оның мәліметінше, еңбекті қорғау талаптарының бұзушылықтары жөніндегі фактілер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары құқық қорғау органдарына 1234 материал жолдады, оның 173 бойынша қылмыстық іс қозғалды.


«2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленуді, оның негізгі бағыттары тәуекелге бағытталған ұлттық еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруда әлеуметтік әріптестік тараптарының белсенді қатысуын қамтамасыз ететін жүйелі шараларды анықтайтын болады. Норма шығару қызметі аясында тиісті жұмыстар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізіледі. 12 наурызда 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Бас келісім жасалды. Бас келісімнің негізгі мақсаты - лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету болып табылады, бұл дегеніміз толық жұмыспен қамтылған кездегі жақсы өндірістік, әлеуметтік-еңбек және қауіпсіз жағдайлардағы, лайықты жалақысы және әрбір қызметкер қанағаттанатын, өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін жоғары тиімді жұмыс», - деп түйіндеді спикер .


Ол еске салып өткендей, Министрлік 2 жыл бұрын Женева қаласында (Швейцария) Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығымен «Нөлдік жарақат - Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша Меморандум жасасты.   Бүгінгі күгі еліміздің 216 кәсіпорны осы Концепцияны қолдады. Аталған шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде 2025 жылға қарай жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициентінің 1000 жұмыс істейтін азаматқа шаққанда 0,20 дейін төмендеуі, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің меншікті салмағының 20%-ға дейін қысқаруы күтілуде.