«Конкурстың әділдігін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік комиссиялардың құрамына азаматтық қоғам өкілдері, өткен жылдардағы конкурс жеңімпаздарын қосу көзделген. Комиссия отырыстарын жергілікті атқарушы органдардың интернет ресурстарында және әлеуметтік желілерінде және ресми аккаунттарында онлайн трансляция режимінде өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қазақстандық отбасылардың қоғамдық пайалы қызметке қатысуы ескеріліп, олардың волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік өлшем шарттары іріктеу талаптарына енгізілді. Конкурстың мәртебесін көтеру үшін ақпараттық сүйемелдеу конкурстың барлық кезеңдерінде жүргізіледі», - деді Ш.Байманов. 


Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер өңірлік комиссияларда 15 маусымға дейін қабылданады. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 


Конкурс ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады. Толық ақпарат qogam.gov.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында ұсынылған.