ОКҚ өткен брифингте журналисттің сұрағына ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жауап берді.


«Пайдаланушы келісімінде барлық қажетті жұмыстар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде, ал қолданыстағы заңнама бойынша деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкін емес, бұл біріншіден. Екіншіден, біз серіктестерімізге түзетілуі қажет барлық ескертулерді жасадық - жақын арада олар түзетіледі және жаңа пайдаланушы келісімі пайда болады. Бұл басқа қосымшалардағыдай көпшілік оферта. Бірақ бұл жағдайда «Ashyq»-тағы пайдаланушы келісімі қолданылатын болады», - деп сендірді ведомство өкілі. 


Айта кетейік, ведомство «Ashyq»-тан қосылған жаңа пайдаланушыларға қосымша талдау жүргізеді. Сонымен қатар, Тұрысов ақаулыққа төзімділікті арттыру үшін ведомство жан-жақты қарайтынын хабарлап, қызметтің басқа танымал сайттар мен қосымшаларға, сондай-ақ мобильді деректер базасына кіруін күтуді сұрады. Сонда таңдауға мүмкіндік туады.