«Өңірде 1,3 млн. бас ірі қара, 4,5 млн. бас қой-ешкі, бір млн. гектарға жуық егіс алқабы бар екенін ескерсек, Алматы облысы осы жобаның ең белсенді қатысушыларының бірі болып табылады. Мысалы, қант өндіретін екі зауыт жұмыс істеп тұр, енді Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру жоспарлануда.  Осылайша біз алқап аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз, - деп атап өтті А. Баталов. 


Сонымен қатар, өңірде ет өңдейтін «Жетісу Қой» жобасының жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі күні барлық ұйымдастыру мәселелері шешілгенін, инженерлік инфрақұрылым құрылысына қаржы бөлінді. Инвестор зауытты жобалауды қолға алды. 500 мың бас ірі қара етін өңдейтін «Тайсон Фудс» зауытының құрылысына жер бөлінді. 


Бұдан басқа, өткен жылы 160 млн. дана жұмыртқа шығаратын «НаурызАгро» және 29 мың тонна ет өндіретін «OTAN GreenFood» екі ірі құс фабрикасы іске қосылған, тағы екеуі салынады. Олар – қуаты 37 мың тонна ет өндіретін «Прима құс» және жылына 160 млн. дана жұмыртқа және 120 мың тонна бройлер етін өндіретін «Aitas KZ».


Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі бір трлн. теңгеден асады, АӨК өнім экспорты 220 млн.АҚШ долларына жетеді немесе бұл 2020 жылға қарағанда 18% артық.