Өңір әкімінің мәліметінше, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ШОБ дамыту үшін қолға алынған салықтық жеңілдіктер, жалға алу төлемдерінен босату және басқада шаралар оң ықпалын тигізген. 


«Мысал ретінде айтсам, жылдың басында Талдықорған қаласында аз қамтылған және көп балалы аналарды жұмысқа тарту мақсатында тігін цехы ашылды. «Жетісу» ӘКК арқылы цехқа орын тауып, күрделі жөндеуден өткізіп, лизингіге құрал-жабдықтар сатып әпердік. Қазір бұл шағын фабрикада 17 әйел жұмыс істеп жатыр, соның 12-сі «Еңбек» бағдарламасымен оқыды. Мұндай мысалдар бізде аз емес, осындай ұсыныс-бастамаларды біз әрқашан қолдаймыз, - деді әкім.


Биыл «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары мен «Жетісу» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі 21 млрд. теңгеге дейін артқан. Өңірде 2 мыңға жуық субъектіге мемлекеттік қолдау көрсетіледі, 13 мың жұмыс орны құрылып, сақталады. 


Облыста 430 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді, бұл сервисті тәулігіне орта есеппен 3 мың адам қолданады. 


Амандық баталов жалпы осы қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлердің бұрынғы жұмыс ырғағына көшуіне мүмкіндік беретініне сенімін білдірді.