Тыйым салынған жерлерде шомылуға тыйым салынады, жүзудің шекарасын белгілейтін қалқы белгілерден тыс жүзуге, шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына қарай жүзуге, мас күйде шомылуға, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге, жүзуге арналмаған заттармен жүзуге, қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, қоршаулардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге болмайды.


Ең бастысы, балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге қатаң тыйым салынады. Сондықтан ведомство өкілі ата-аналарға үндеу жолдады. Каникул басталғандықтан ТЖМ балалардың су қоймаларының, суаратын арықтар мен каналдардың жанында болуына баса назар аударуға шақырады.


Сонымен қатар, спикердің мәліметінше, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдерін тарату үшін авиациялық және теміржол көлігі мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері пысықталуда. Ал «2GIS» қосымшасында шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындарды белгілеу жоспарланған.