Алдын алу акциясы аясында жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп жалпы білім беру мекемелеріне іргелес 4 мыңнан астам аумақ қаралды. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің, қажетті жол белгілерінің, жол таңбаларының және қоршаулардың болуын, мектеп автобустарын тексеру ұйымдастырылды.


«Уәкілетті ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жою туралы 2 мыңға жуық ұйғарым енгізілді. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде, өткен жылы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны балалар өлімін (245-тен 184-ке дейін) және жарақаттануды (4 076-дан 2 956-ға дейін) қоса алғанда, төрттен бірге қысқарды. Ағымдағы жылы ЖКО-да қаза тапқан балалардың саны тағы 30% - ға азайды. Соған қарамастан, мұндай статистика да алаңдатуы тиіс, өйткені жыл басынан бері еліміздің жолдарында 28 бала қайтыс болды. Осыған байланысты, ата-аналарға балаларының уақыт өткізуін бақылауға аса мұқият болуға, оларға көшелер мен жолдарда жауапты және қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйретуге кеңес береміз. Барлық жазатайым оқиғалар, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасау немесе жасау қатері туралы дереу жақын маңдағы полиция органдарына не кезекші бөлімдерге 102 бірыңғай телефоны бойынша хабарлау керек», - деп ескертті құқық қорғау ведомствосының өкілі.


Азаматтарға қолайлы болуы үшін 1 ақпаннан бастап «102» арнайы мобильді қосымшасы пайдалануға берілді, ол бойынша полицияға құқыққа қарсы әрекеттерді фото- және бейне тіркеу фактілерін жіберуге болады. Жазғы кезеңде балалардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасын табады.