Статистикаға сәйкес, 2020 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың 90% негізгі 14 ел - Еуропалық одақ, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Жапония, БАӘ-құрады. 


Шетелдік инвестициялар ағынын арттыру үшін сыртқы саяси ведомствоның алдында Инвестициялар жөніндегі комитет пен «KAZAKH INVEST» АҚ алдында бірқатар міндеттер тұр. Негізгі миссия - қалған елдердің инвестициялық әлеуетін белсенді пысықтау, олардың саны - 51.


«Бүгінде инвестициялар тартудың үш деңгейлі жүйесі құрылды, онда барлық шетелдік мекемелер үшін сыртқы периметрде 5 жыл мерзімге елдік инвестициялық бағдарламалар әзірленді. Онда біз жұмыс істейтін және таргеттеуге тиіс салалар мен компаниялар нақты белгіленген. Жеке жұмыс жүргізудің бұл әдісі біздің елшіліктерге, мысалы, бір айда 150-200 мүдделі инвестормен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Едәуір тартымды ұсыныстар пысықталғаннан кейін шамамен 15 мүдделі компаниядан тұратын «short-list» жасалады, оны кейіннен біздің әріптестеріміз – салалық министрліктер және өңірлік әкімдіктер өңдейді. Жағдайдың өзгергенін ескере отырып, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жаңа инвестициялар ағынын қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың басынан бастап жаңа инвестициялық құрал - стратегиялық инвесторларға ерекше жағдай жасайтын және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің барлық спектрін ашуға көмектесетін инвестициялар туралы келісім енгізілді», - деп атап өтті СІМ өкілі.


Жоспарларға тоқталып өткен ол қалыптасқан үрдістерді атап өтті. 


«Біріншіден, коронавирус пандемиясы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін көрсетті, осыған байланысты фармацевтикалық, өңдеуші және азық-түлік салаларына инвестициялар тарту бойынша қосымша күш-жігер жұмсалатын болады. Екіншіден, инвестициялар тарту жөніндегі саясатты іске асыруда негізгі басымдық логистика, цифрлық және «жасыл» технологиялар, жаңа кен орындарын барлау және т.б. сияқты шетелдік инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудыратын салаларға жасалатын болады», - деді Айдаров.