Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) әлем бойынша инфекциялық аурулар мен өлім-жітім құрылымында маңызды әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ауруларға жатады. Алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелерін шешудегі айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, тіркелген жедел диареяның жартысынан көбі балаларта болады. 


Қазақстан аумағында соңғы 10 жылда ЖІИ-мен сырқаттанушылықтың көп жылдық серпінінде халық арасында 3,7-ге тұрақты төмендеу байқалады. Наухастардың 70% - дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар, ал ең осал және жиі ауыратындар - 0-ден 3 жасқа дейінгі сәбилер. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық және паразитарлық іс-шараларының басқармасының басшысы Занғар Турлиев жария етті. 


Ол аурудың алдын алу бойынша ұсыныстарды атап өтті: жазғы кезеңде ЖІИ эпидемиологиялық қадағалауды күшейту, бұл үшін әр лагерьде медициналық пункт болуы керек, асханаға кіретін әрбір өнім үшін тиісті құжаттар қажет, тиісті логистикалық шараларды қамтамасыз ету қажет, әсіресе тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау кезінде, сондай-ақ су беруді бақылау және қолды жиі жуу керек. 


Сонымен қатар, жазда балаларды Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының немесе кене вирустық энцефалитінің тасымалдаушысы болуы мүмкін кененің шағуынан қорғауыңыз керек. Сарапшының айтуынша, КҚГҚ бойынша эндемиялық аймақтар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы болып табылады. Осы аумақтарда соңғы 3 жылда 17-18, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1-2 жағдай тіркеледі. Кене энцефалитінің таралу аймағы – Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
Кене инфекцияларының алдын алу мақсатында Қазақстанда иммундау және кенеге қарсы өңдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, жазғы лагерьлерде өңдеу радиусы 50 метр аумақта жүргізілуі керек.