«Бізде төрт ақылы жол учаскесі бар, біріншісі - «Нұр-Сұлтан-Щучинск», екіншісі – «Нұр-Сұлтан – Теміртау», үшінші учаске – «Алматы-Қапшағай», төртінші учаске - «Алматы-Қорғас». 680 км түскен жалпы табыс - 5,7 млрд теңге. Ең көп түсім қысқа болса да, «Алматы – Қапшағай» учаскесінде болды – 1,6 млрд теңге, «Қазавтожол» жартысын басқа учаскелерге үлестірді, өйткені Теміртау мен Щучинскіге дейінгі учаскелер күрделі. Оларды қар басады. Щучье бағытында – 1,6 млрд теңге, Теміртау бойынша – 1,1 млрд теңге, Қорғаста да көрсеткіш осындай. Түсімдер қозғалыс қарқындылығына, осы учаскеден өтетін көлік құралдарының типтері мен түрлеріне байланысты. Бізде жеңіл көлік 1 км үшін 1 теңге төлейтіндіктен, қаражаттың негізгі көлемін транзитпен өтетін шетелдік көлік құралдары есебінен аламыз, «Қарағанды – Нұр-Сұлтан» автожолының учаскелерінде де солай. Жобалық есептеулер бар, бірақ біз ең төменгі деңгей бойынша жылына орта есеппен 25 млрд теңгеден алдық», - деп хабарлады индустрия министрлігінің басшысы.


Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Еуропа арасындағы «баға-сапа» арақатынасы бойынша салыстырған кездегі үлкен айырмашылықтарға тоқталды. 


«Пікірталастар көп болады, үнемі Еуропамен салыстырады және т.с.с.. Еуропадағы халықтың тығыздығына, автомобиль ағынының тығыздығына қараңыздар, кірістілік өте жоғары. Бізде 500 км жолда бірнеше шағын елді мекен бар, қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету өте қиын. Қыста қар басады, техника ондаған шақырым жерге барады. Климаттық жағдайлар әртүрлі, еліміздегі жолдардың ұзындығы өте үлкен, елді мекендер аз және машиналар саны, тығыздығы көптеген елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан бұл коэффициент жолдың табыстылығына өте қатты әсер етеді», - деп қорытындылады спикер.