Салыстыру үшін ол 2019 жылғы сандарды атап өтті. Ол кезде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор 45 нозология бойынша (ТМККК шеңберінде) дәрі-дәрмек сатып алды, бұл 114 миллиард теңгеден астам соманы құрады, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС шеңберінде 27,2 млрд теңге сомасына 105 және 130,3 млрд теңге сомасына 32 нозология енгізілді.


Осылайша, ТМККК және МӘМС шеңберінде нозологияларды қамту 3 есеге кеңейтілді.


«ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 2021 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 439 атауы сатып алынады. Оның ішінде бірыңғай дистрибьютор тізіміндегі барлық позициялар стационарлық көмек көрсетуге арналған. Бірыңғай дистрибьютор амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2 миллионнан астам қазақстандықты тегін препараттармен қамтамасыз ету үшін 662 атау сатып алады. Жалпы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС енгізілуімен 700 мыңға жуық сақтандырылған халық амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қол жеткізді», - деді Есқалиев.


Анықтама үшін: «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьютор ретінде ТМККК, МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық ұйымдар мен республика халқын дәрілік заттармен қамтамасыз етеді, Бұдан басқа, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру арқылы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етеді.