Бүгінде экология, смарт-технологиялар, зерттеу конкурстары бойынша конкурстар мен олимпиадалар енгізілді. Тізбеде IT-құзыреттер, шешендік өнер және музыкалық импровизация бойынша конкурстар, музыканттар, суретшілер, театр өнері, хореографиялық, техникалық шығармашылық конкурстары, балалар киносы фестивалі, сондай-ақ кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар бар. Олимпиадалық тапсырмалар PISA, TIMMS, PIRLS халықаралық зерттеулерінің деңгейлерін де ескереді.


«Ашықтық, академиялық адалдық, қатысушылар үшін тең жағдай және әділ нәтижелер жарыстарды өткізуді автоматтандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Егер осы іс-шараларда ұйымдастырушылардың академиялық адалдық, заңдылық, ашықтық, объективтілік, тегін өткізу қағидаттарын бұзу фактілері анықталса, онда олимпиада немесе конкурс тізбеден алынып тасталады. Дәл осындай қағидаттар мен критерийлер жаңа іс-шаралар тізбесіне енгізу үшін жағдайлар болады. Осылайша, министрлік елімізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадалардың сапасы мен тиімділігін арттыруға ниетті», - деп түйіндеді спикер.