Оның айтуынша, негізгі жаңалықтардың бірі басым туристік аумақ ұғымын енгізуге қатысты. Бұл республикалық туристификациялау картасы объектілерінің тізбесіне енгізілген туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аймақ. Олар туризмді дамытудың ең перспективалы нүктелерінде пайда болады.


«Бұған дейін салалық мемлекеттік бағдарлама ТОП-10 туристік дестинацияны анықтаған болатын, енді біз оларды заңнамалық түрде бекітеміз. Ал заңға тәуелді актілермен нақты әкімшілік-аумақтық шекаралар айқындалатын болады. Бұл аумақтарда инвесторлар үшін және қазақстандықтардың ел ішіндегі демалысын ынталандыру үшін ерекше артықшылықтар болады. Атап айтқанда, инвесторға корпоративтік табыс салығынан, қосылған құн салығынан, жер салығынан босату және жер учаскелері түрінде заттай грант беру түріндегі инвестициялық жеңілдіктер беріледі. Инвесторларды қызықтыру үшін заңда осы преференцияларды алу үшін инвестициялардың ең төменгі көлемін 200 мың АЕК-ке дейін төмендету көзделген. Сонымен қатар, басқа салалардағы инвестициялық жобалар бойынша бұл шек 2 млн АЕК немесе 10 есе көп»,- деп атап өтті Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі.


ТОП-10-дағы демалыс бойынша артықшылықтарды демалушы қазақстандықтар да сезінуге тиіс. Бірінші кезекте, турпакет құрамында қоса алғанда 14 жасқа дейінгі балалар авиабилеттерінің құнын субсидиялау жүйесін енгізу есебінен. 


Сондай-ақ, туроператорлар әрбір шетелдік турист үшін субсидия алады, инвесторларға тау-шаңғы базалары мен туравтобустарға арналған жабдықты сатып алуға, туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде, сондай-ақ турдестинацияларда санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды субсидиялауға жұмсалатын шығындарды өтейді.