«Бұл ретте, осы көлік құралдарын әдеттегі қалалық және қалааралық маршруттарда пайдалануды болдырмау мақсатында осы шара туристік қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ғана қолданылатын болады. Бұл туроператорлар мен турагенттер, қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер. Кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге келетін болсақ, бүгінгі күні елімізде жұмыс істеп тұрған 13 тау шаңғысы базасы бар. Сонымен қатар, олардың қызметтерін пайдаланатын туристер саны жылдан жылға артып келеді. Бұл базалардың көбі кеңейе алады, ал кейбір инвесторлар тау шаңғысы курорттарының дамуына инвестиция салғысы келеді. Сондай-ақ тау шаңғысы жабдықтары мен арнайы техниканы жаңарту қажеттілігі бар. Сонымен бірге, бұл техниканың барлығы өте қымбат, ал өтелу мерзімі өте ұзақ, бұл жекелеген инвесторлардың жоспарларын тежейді»,- деді спикер жағдайға жеке тоқталды.


Бұл шара тау шаңғысы курорттарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және барлық халықаралық стандарттарға жауап беретін жаңа заманауи инфрақұрылым құру үшін енгізілуде.


«Жоғарыда аталған барлық шаралар бойынша ереже жобалары әзірленіп, республикалық бюджет комиссиясында 5 жылға 164 млрд теңге көлемінде қаржылық есеп-қисаптар алдын ала мақұлданды. Барлық осы шаралар бюджет заңнамасына сәйкес келесі жылдан бастап күшіне енеді. Шараларды іске асырудың бірыңғай тетігін қалыптастыру үшін "Атамекен" ҰКП-мен және өңірлер әкімдіктерімен қағидалар жобаларын келісу бойынша жұмыс басталды. Кейін жоба ережелерін жария талқылауға шығару жоспарлануда»,- деді ведомство өкілі. 


Алдын ала есептеулер бойынша, жоспарларды іске асыру экономикаға 135 млрд теңге тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кемінде мың жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.