Оның айтуынша, пандемия жағдайында да жұмыс тоқтаған жоқ. 


«Пандемия мен дағдарыс кезінде бұл елдерден жабдық әкелу оңай емес. Бір ғана мысал, біз кейбір жабдықтарды Шанхайдан аламыз, біздің елшіліктің қолдауымен станциядан станцияға дейінгі қозғалысты қадағалаймыз. Бүгінгі таңда барлық құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары наурыз айында аяқталды, жылумен, сумен, газбен қамтамасыз ететін барлық қосалқы нысандар, абаттандыру жұмыстары бітті. Жабдықтың 99% жеткізілді деуге болады, қазір жөндеу және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қытайлық, италиялық және украин мамандар орнатылған жабдықты тексереді. Алдыңғы күні техникалық тұрғыдан алғаш рет іске қостық, сынап көрдік, бәрі жақсы. Жабдық валидациясы аяқталғаннан кейін технологияларды тексеру басталады, содан кейін мамандармен, оның ішінде шетелдіктермен бірге денсаулық сақтау министрлігімен, білім министрлігімен сертификаттау, яғни GMP талаптарына сәйкестігін етксеру жүргізіледі – кем дегенде 1,5 ай қажет – содан кейін олар сертификат алып, лицензиялаудан өтуі керек. Қыркүйек айында өзіміздің қазақстандық вакцинамызды құйып, шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді аймақ басшысы. 


Айта кетейік, сәуір және мамыр айларында вакцинаның 50 мың дозасы, маусым айында – 100 мың, шілде - тамыз айларында – 500 мың, қыркүйектен бастап – 1 млн дозасы шығарылды. Бірақ бұл зауыт вакциналардың басқа түрлерін дайындайды. Вакциналар адамдарға да, жануарларға да арналған. Сондай-ақ өндіріс пен технологиялар КВИ штамдарының кез келген түрі мен мутациясына бейімделеді. Ол үшін сарапшылармен ынтымақтастық орнатылды. 


«Президенттің тапсырмасына сәйкес онда мамандар үшін тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени нысандар салынып жатыр. Премьер-министрдің басқа елдерден мамандарды тарту бойынша тапсырмасы бар, бізде ондай жоқ, оларға тұрғын үй және басқа да жағдайлар қажет. Сондықтан жұмыстар жалғасады», - деді Сапарбаев.