«Бүгінгі күні Қазақстанда 65 театр қызмет атқарады, оның 53-і мемлекеттік театр. Тәуелсіздік жылдары елімізде 22 мемлекеттік театр ашылып, Орал, Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Түркістан қалаларында 9 театрға заманауи жаңа ғимарат салынды. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Музыкалық жас көрермендер театры ашылса, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры республикалық деңгейге өтіп, ұжым жаңа ғимаратқа көшті. Сонымен қатар, Түркі әлемінің астанасы ретінде ресми түрде мойындалған Түркістан қаласында ағымдағы 2021 жылы Түркістан музыкалық-драма театры ашылып,  арнайы салынған жаңа ғимаратта өз жұмысын бастады», - деді вице-министр. 


Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық әрбір шара ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.