«Биыл осы ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау мақсатында шамамен 22,6 млрд теңге субсидия бөлінді.  Оның ішінде 6,1 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 16,5 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған. Жалпы, бөлінген субсидия қаражатының 8,7 млрд теңгесі жем-шөп шығындарының құнын арзандатуға және ауыл шаруашылығы техникасының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бағытталды. Бұл республика бойынша алғаш рет қолға алынған біздің бастамаларымыз», - деді аймақ басшысы.  


Сонымен бірге, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 745 жобаны іске асыруға 3,3 млрд теңге көзделген.  


Жалпы, ағымдағы жылдың 5 айында 85 млрд теңге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ІҚМ басы 7%-ға, ұсақ мал – 1%-ға, жылқы - 24%-ға өсті.